Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде Мақат ауданындағы мектептердің 9 сынып оқушылары арасында JuniorSkills байқауы өткізілді. Мақсаты: Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру және жұмысшы мамандығын танымал ету. Колледжде оқытылатын мамандықтар туралы мағлұмат беру және мамандықты саналы түрде таңдауға, білім беру траекториясын анықтауға, болашақта еңбек нарығында өз орнын еш қиындықсыз табуға мүмкіндік беру. Байқауға аудан бойынша 7 мектеп командасы қатынасты: 1. Х.Санбаев атындағы орта мектеп; 2. Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп; 3. Ораз Саргунанов атындағы орта мектеп; 4. Латип Шахатов атындағы орта мектеп 5. Сабыр Шарипов атындағы мектеп - интераты; 6. Бәйге - төбе мектеп - бөбекжай кешені; 7. Мұса Баймұханов атындағы орта мектеп JuniorSkills - 2022 байқауы Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі базасында 6 құзыреттілік бойынша жеке өткізіледі: - дәнекерлеу технологиясы, - сән технологиясы, - аспаз ісі, - электроника, - электромонтажды жұмыс, - мұнай және газ өндіру операторы. Байқау қорытындысы бойынша: «Дәнекерлеу технологиясы» бойынша : 1 орын Бәйге-төбе мектеп-бөбекжай кешеніне қатынасқан Нұрдәулет Бақтыкерей; ІІ орын М. Баймұханов атындағы орта мектеп оқушысы Қазбек Мейрбек; ІІІ орын С.Шарипов атындағы мектеп - интераты оқушысы Серікбай Әлішер «Сән технологиясы» бойынша: 1 орын Х.Санбаев атындағы орта мектеп оқушысы Сағытжанқызы Ақбаян; ІІ орын Латип Шахатов атындағы орта мектеп оқушысы Хожанова Әсия; ІІІ орын Мұса Баймұханов атындағы орта мектеп оқушысы Есмырза Нұрбану «Электромантаждау жұмысы» бойынша: 1 орын Х.Санбаев атындағы орта мектеп оқушысы Төлепберген Даулет; ІІ орын С.Шарипов атындағы мектеп - интераты оқушысы Қуанышқали Нұрдаулет; ІІІ орын Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп оқушысы Бейсенбай Жанбатыр «Электроника» құзіреттілігі бойынша: 1 орын Х.Санбаев атындағы орта мектеп оқушысы Мейрамбай Ильяс; ІІ орын Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп оқушысы Жандарбекұлы Азамат; ІІІ орын С.Шарипов атындағы мектеп - интераты оқушысы Әміре Орынбасар «Аспаз ісі» құзіреттілігі бойынша: 1 орын Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп оқушысы Лекер Альбина; ІІ орын Ораз Саргунанов атындағы орта мектеп оқушысы Черватенко Ярослав; ІІІ орын М. Баймұханов атындағы орта мектеп оқушысы Ұғап Айсара «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» құзіреттілігі бойынша: 1 орын Х.Санбаев атындағы орта мектеп оқушысы Есенұлы Дархан; ІІ орын Латип Шахатов атындағы орта мектеп оқушысы Қайырқожа Ерлан; ІІІ орын Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп оқушысы Айып Азамат иеленді Байқау қатысушыларына дипломдар мен Алғыс хаттар табыс етілді.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/217-9-synyp-o-ushylary-arasynda-juniorskills-baj-auy-tkizildi.html#sigFreeId0227e951da