«Құқықтық сауаттылық - заман талабы» Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы мақсатта Мақат мұнай және газ технологиялық коледжінде білім алушылар арасында «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» тақырыбында Мақат аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы полиция капитаны Маржан Бейсенбайқызының қатынасуымен тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, өз құқықтарын жете білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру. Өткзілген бұл шарада білім алушыларға сұрақтар қойылып, жоспарға сай берілген тапсырмалар орындалды.