Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Тәуелсіздіктің ұлы рухы - желтоқсан» тақырыбында білім алушылар арасында пікір-сайыс өткізілді. Мақсаты: білім алуышылардың ойын, сөйлеу қабілетін қалыптастыру. Логикалық ойын және қосымша білімге деген қызығушылығын арттыру. Пікір - сайыс «Карл - Поппер» дебат форматында өткізілді. Бұл форматта екі команда, үкімет және оппозиция командалары ойын көрсетті. Үкімет тобының көшбасшысы: Амандықова Айнагүл, топ спикерлері: Құрманғалиев Асар, Нұрболатұлы Асет Оппозиция тобының көшбасшысы: Серік Ақнұр, топ спикерлері: Жақсылық Аяна, Темірбай Дамир. Пікір - сайыс ойынына әділқазы және қонақ ретінде "Мақат тынысы" газетінің тілшісі Жұмабекұлы Асылбек қатынасты. Әділқазылардың шешімімен ойында «Үкімет» командасы жеңіске жетті. Жеңімпаз команда жүлделі орындармен қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.