Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 9 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша «Әлеуетті энергетика - қуатты Қазақстан» тақырыбында шебер сынып ұйымдастырылды. Өткізілген шараға А.Құнанбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары қатынасты. Колледж басшысы Ізтұрған Молдабекұлы алғашқы кіріспе сөз сөйлеп, оқушыларға өз таңдауларын жасауға және колледжде оқытылатын мамандықтар туралы қысқаша мәліметтер берді. Арнаулы пән оқытушысы Жакиева Шапағат «Болашақтың энергиясы: Ол қандай?» тақырыбында жасалған жобамен таныстырып оқушыларға тапсырмалар беріліп, монтаждық стендтермен жұмыстар жүргізілді. Оқушылар қызығушылықтарын білдіріп, алуан түрлі сұрақтар қойып, монтаждау жұмыстарын жасап көріп, алғыстарын айтты. Мақсаты: - Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру; - Энергетика саласы мамандықтарының бүгінгі таңдағы маңызы, ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, қызығушылықтарын арттыру; - Колледждегі «Электрмеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығымен, оқу цехының жабдықталумен, білім беру жағдайымен таныстыру, колледжде оқытылып жатырған мамандықтарды ұсынуы;