«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында жатақханада тұратын білім алушылар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Осы іс -  шараны ұйымдастырған тәрбиеші Мұратова Бибигүл стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылдың басты бағыттарымен таныстырып өтті. Шара соңында білім алушылар арасында жемқорлыққа қарсы сауалнама жүргізілді. Сауалнамада: Сіз сыбайлас жемқорлық деп нені түсінесіз? Біздің колледжде парақорлық жағдайлары бар деп ойлайсыз ба? Егер Сіз сыбайлас жемқорлықтың куәгері болсаңыз, онда Сіз не істер едіңіз? т.б сұрақтар болды, білім алушылар сауалнамаға түгелдей қатысып өз ойларымен бөлісті. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады» - деп жастарымызды қазірден бастап мемлекетімізге адал қызмет етуге және де мемлекетіміздің көркейіп өркендеуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз.