Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Білімділікке бастайтын жол - біліктілік» атты жас мамандар арасында сайыс өткізілді. Сайыс шарттары: 1. Таныстыру 2. Әріптер сөйлейді (таңдаған әрпі бойынша сұрақтарға жауап береді) 3. «Мамандығым мақтанышым» - жетістіктеріңізді презентация арқылы көрсетесіз. 4. «Менің үйдегі кітапханам» немесе «Кітапханадағы бір күнім» бейне ролик жасау және таныстыру. 5. Сөз мейегі (Мақал - мәтел жалғастыру) 6. «Қазақ елі - менің Отаным» (Көркемсөз оқу) 7. Шығармашылық жұмыс (Менің болашақ колледжім) Сайысқа 5 жас маман қатысып, өздеріне қойырған шарттарды орындады. Үй кітапханасындағы және кейбірі колледж кітапханасындағы және кейбірі колледж кітапханасындағы бейнеролигін дайындады. Сайыс өте тартымды өтті. Қатысушы жас мамандары «Менің үйдегі кітапханам», «Мамандығым - мақтанышым», «Шығармашыл ұстаз». «Көркемсөз шебері», «Менің кітапханадағы бір күнім» номинациялары бойынша марапатталды.