Ағымдағы жылдың 17 ақпан күні колледжішілік «World Skills - 2023» чемпионаты өтті. Мақсаты: кәсіби білімнің сапасы мен жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру болып табылады. «World Skills - 2023» чемпионатына 4 құзыреттілік бойынша білім алушылар өз қабілеттерін көрсете білді. Атап айтқанда: - Дәнекерлеу технологиясы; - Сән технологиясы; - Аспаз ісі; - Электромонтаждық жұмыстар. Қатысушылардың жұмысын бағалау үшін сарапшылар өндірістен шақырылған болатын. Қорытындысында: - «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша 1 орын - Қалыбай Айдын; 2 - орын - Серіков Ерсұлтан; 3 орын - Сембай Ақниет; - «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша 1 орын - Таңқаева Майра, 2 орын - Бисенова Салтанат; 3 орын - Рысмағамбетова Светлана; - «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша 1 орын - Атажанова Марина; 2 орын - Бактыбаева Дамели; 3 орын - Калиева Гулнур; - «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша 1 орын - Рахметоллаұлы Нұрсұлтан; 2 орын - Сағындық Бағдат; 3 орын - Амангелдиев Ернар иеленіп, дипломмен марапатталды. Бірінші орын иеленген қатысушылар облыстық чемпионатқа жолдама алды. Сонымен қатар, сарапшыларымызға колледж атынан алғыс білдіріліп, сертификаттар табысталды.