Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде кітапханашы М.Ахатованың ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай» атты әдеби - сазды кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Ақынның өлеңдері арқылы оқырмандарды әсемдікке, Отанын сүюге тәрбиелеу. Кешті 210 топ студенті Бауыржанқызы Аружан «Шыда, шыда, шыдай түс» өлеңімен және Мұқағали Мақатаевтың өмірін таныстырудан бастады. Студенттер бірінен соң бірі Мұқағалидың өлеңдерін нақышына келтіре оқып, әндерін тыңдады. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына талдау жасап, өз пікірлерін қосты. 211 топ студенті Жасмина «Поэзия, сен менімен егіз бе едің» өлеңін және махаббат лирикасына арнаған ең тамаша туындысы «Ғашықпын» өлеңін Құрманғалиев Асар оқыды. Ақиық ақынға арналған кеш өте әсерлі өтті. Кешке қатысушы ұстаздар Мұқағали жырлары мәңгі жасай беретіндігін және оны жалғастыратын жастарымыздың қызығушылығы бүгінгі күні жоғары деңгейде екендігін атап өтті.