«Әлемі бөлек - Оралхан» әдеби сағат Мақат мұнай және газ технологиялық колледж кітапханасында І курс білім алушылары мен Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай «Атау - кере» повесі желісінде әдеби сағат болып өтті. Кітапханашы М.Ахатова Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығынан слайд - шоу арқылы интер тақтадан түсіндірді. Білім алушыларға толықтай түсінік бере отырып, жазушының шығармаларымен таныстырып, насихаттап, білім алушылардың ой - өрісін дамытуға, таным белсенділіктерін арттыру, әдеби тілдерін дамыту, өз бетімен іздену алғырлық, тапқырлыққа тәрбиелеу мақсатында қарымды қаламгердің «Атау - кере» атты повесін талдауға ұсынды. Білім алушылар шығармадағы төрт негізгі кейіпкерді жеке - жеке талдап, өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушы студенттер қызығушылықпен сұрақтар қойды. Кеш соңында колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Дадахова сөз сөйлеп, өздерінің бірнеше мағұлмат алғандықтарын айтып, ризашылықтарын білдіріп және жас ұрпақты әдебиетті сүйе білуге, кітаппен дос болуға шақырды. Иә, өмірден ерте кеткенімен, артына мол әдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей - ұлттық әдебиетімізде өзіндік орны бар жазушы екендігін атап айтты.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/233-oralkhan-b-kejdi-tu-anyna-80-zhyl-toluyna-oraj-atau-kere-povesi-zhelisinde-debi-sa-at-bolyp-tti.html#sigFreeId194d373187