Садақ атып, сайыс өткізу - қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлі ойын түрі. Мергендер атып түсіру үшін белгіленген нысананы жамбы деп айтады. Жамбы дегеніміз көне түркі - моңғол тілінде «ембу», яғни құймалы алтын немесе күміс дегенді білдіреді. Сол сияқты бағалы заттардан жасалған құнды бұйымдар да жамбының рөлін атқара береді. 24 ақпан күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Әке көрген оқ жонар» атты отбасылық сайыс өткізілді. Сайысқа колледж білім алушылары әкелерімен қатынасты. Нысанаға дүп тигізген үздік мергеншілер дипломмен, қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.