6 наурыз күні жатақхана білім алушылар арасында мерекелік ұлдар сайысы ұйымдастырылып, шараға білім алушылардың ата - аналары көрермен ретінде қатынасты. Ұлдардың шеберлігі мен тапқырлықтарына тәнті болды. Сонымен қатар, 7 наурыз күні 206 - топ білім алушылары мен жетекшісі Гаухар Тұрланқызының ұйымдастыруымен «Қыз еркем, қылығымен көркем!» мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шарада барлық колледж қызметкерлерін атаулы мерекелерімен құттықтап, концерттік бағдарламаны тамашалады.