17 наурыз күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Ұлыстың ұля күні - Наурыз»тақырыбында топ жетекшісі Журалиева Гүлданың ұйымдастыруымен 22 наурызға арналған мерекелік шара аталып өтілді. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет - ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Мерекелік шара топ білім алушылары арасында сайыс түрінде өткізілді, әр тур бойынша таныстыру, көрініс, сұрақ - жауап, өнер бойынша бақ сынасты. Қатысушылар қазақ халқының салт - дәстүрлерін көрсетті. Төрешілердің ақылдасуымен, үздіктер 1,2,3 орын иегерлері анықталып, қатысушылар номинация бойынша диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.