Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Нәтижеге Бағытталған Білім Берудегі Тиімді Педагогикалық Технологиялар» тақырыбымен колледжішілік педагогикалық оқулар өтті.
Мақсаты:
-педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жандандыру;
- педагогтің кәсіби деңгейін арттыру;
- озық педагогикалық тәжірибені анықтау және насихаттау;
- білім сапасын арттыруда оқыту технологияларын және оқыту платформаларын тиімді қолдану.
Педагогикалық оқуға 7 баяндама ұсынылды. Баяндамалар тақырыптың өзектілігіне, идеялардың жаңашылдығына, болашақта тәжірибеге енгізу мүмкіндігіне, жүйелілігіне қарай бағаланды.
Қорытындысында І дәрежелі дипломмен арнаулы пән оқытушысы Төлегенова Сәттігүл, ІІ дәрежелі дипломмен дене тәрбиесі пәні оқытушысы Ташембаева Баян, ІІІ дәрежелі дипломмен психолог Назымова Гаухар марапатталды, ал қалған қатысушыларға алғыс хат табыс етілді.