Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 5-қазан ұстаздар мерекесіне орай, жастар ісі комитетінің ұйымдастыруымен "Дублер" күні іс-шарасы өткізілді. Колледжде өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру,тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу мақсатында білім алушылар өздеріне берілген пән бойынша сабақтарын өткізіп шықты.
"Дублер күні" барлық оқытушыларға жылы атмосфера сыйлады. Іс-шара соңында білім алушылар ұстаздар күнімен құттықтап, ерекше алғыстарын білдірді. Ұстаздар дублер болған білім алушыларға мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты екенін айтып, жылы лебіздерін жаудырды.