Ағымдағы жылдың 17-қарашада колледжімізде Халықаралық студенттер күніне орай, барша студенттер қауымын колледж басшысы І.Тасбаев арнайы құттықтап, жеке-жеке салтанатты түрде студент билетін табыстады. Салтанатты шарадан кейін «Retro Students day» атты мерекелік шараға ұласты. Іс-шараға барлық колледждің студенттері ретро стильде киініп, керемет көңілде өнерлерін ортаға салды.