Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде Тәуелсіздік күніне орай кітапханашы М.Ахатованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан ұландары» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді.
Мақсаты: Білім алушылар Отанын сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу.
Білім алушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.
Сайыскерлер Тәуелсіз Қазақстанның тарихына, Елорда-Астананың гүлденуіне қатысты және логикалық сұрақтарға жауап беріп, еліміздің дамуына байланысты өз болжам-ойымен бөлісті.
Сайыс бес кезеңнен тұрды.
1.Таныстыру
2.Тәуелсіздік шежіресі
3.Ғажайып қала –Астана
4.Тәуелсіздік додекаэдр
5.Жылдар сөйлейді
Сайыскерлер «Қазақстан», «Білімділер», «Шежірелі ұландар» командалары Тәуелсіз Қазақстанның тарихына, Елорда-Астананың гүлденуіне қатысты және логикалық сұрақтарға жауап беріп, еліміздің дамуына байланысты өз болжам-ойларымен бөлісті.
Сайыскерлер сайыстың әр кезеңдерінен өткен сайын тез,әрі дұрыс жауап беруге тырысып, белсенділіктері, қызығушылықтары артып ұлттық құндылықтарды қастерлеуде ұйымшылдық көрсете білді. Сайыс соңында жеңімпаздар тобы анықталып марапатталды.