Ағымдағы жылдың 01 ақпан күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі базасында аудан мектептері оқушылары арасында WorldSkills әдістемесі бойынша JuniorSkills-2024 жасөспірімдер арасындағы ұлттық чемпионаты өтті. Чемпионат мақсаты мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру және заманауи және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер құру; техникалық саладағы дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау;оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, дамыту, кәсіби ойлау және жауапкершілігін арттыру; оқушылардың нақты мәселелер бойынша практикалық есептерді шешу, кәсіби жағдайлар және техникалық құрылғылармен жұмыс дағдыларын дамыту болып табылады. Чемпионат 7 құзыреттілік бойынша өткізілді: дәнекерлеу технологиясы, сән технологиясы, аспаз ісі, электроника, электромонтажды жұмыс, мұнай және газ өндіру операторы, мұнай және газды қайта өңдеу.

Чемпионатқа қатысушыларға алдын – ала тапсырманың 30%-ы ұсынылған болатын. Қатысушылардың жұмысын бағалау үшін колледжден арнайы сарапшы мамандар тағайындалды. Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі І,ІІ,ІІІ орын алған қатысушылар әр құзыреттіліктер бойынша дипломмен марапатталды.