Колледжімізде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының №217 топ білім алушылары арасында «Білімді де білікті аспаздар» тақырыбында топтық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты студенттердің білім деңгейін анықтау, тағам даярлау технологиясы бойынша білімдерін тереңдету, қиялдай білуге, еңбектенуге, мамандыққа қызығушылығын арттыру, топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету, қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Сайысқа «Бәйтерек», «Ассорти», «Аспазшылар» топтары қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен «Ассорти», ІІ дәрежелі дипломмен «Бәйтерек», ІІІ дәрежелі дипломмен «Аспазшылар» тобы марапатталды.