Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабына "Өзін оқы да, өзгеге табыс ет" буккросинг акциясы ұйымдастырылды. Кітапханашы М.Ахатова буккросингтен күтілетін нәтиже - студенттер мен ата аналар қауымы арасында оқырман белсенділігінің артуы, кітап қорын жаңарту, "Бүкіл әлемді кітапханаға айналдырайық!" интернет-қауымдастығын құру екендігіне тоқталды. Студенттер белсенділік танытып, Бауыржан Момышұлының кітаптарын оқып, бір-бірімен ауыстырып "буккросинге" қызығушылық танытты. Бұл бағытта колледжде студенттерімен кітап оқу акциясы жұмысы жалғасын таба бермек.