Мақат мұнай және газ технологиялық колледж кітапханасында кітапханашы М.Ахатованың ұйымдастыруымен "Қазақтың батыр ұлы - Бауыржан Момышұлы" тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Іс-шара Б.Момышұлы туралы қысқаша деректі фильмді көрсетумен басталады. Білім алушылар өздерінің Б.Момышұлы туралы көрген деректі фильмдерін қызу талқылады. Кейбір білім алушылар Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя", Зейнеп Ахметованың "Шуақты күндер" Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" кітаптарыын талқылап, пікір алысты.
Ұлы тұлға Б.Момышұлының кітаптарын оқу мақсатында "Аты аңызға айналған батыр" атты кітап көрмесі жасақталды.
Кітапханашы кітап көрмесіндегі ұсынылған кітаптарға шолу жасады. Кітап көрмесімен танысқан білім алушылар Б.Момышұлы Қызыл Армияның аты аңызға айналған қолбасшысы аяулы ұлы екенін мақтан тұтты.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/327-aza-ty-batyr-ly-bauyrzhan-momysh-ly-ta-yrybynda-tanymdy-sa-at-tkizildi.html#sigFreeIde3acb199ba