Ағымдағы жылдың 1 наурызында «Алғыс айту - парызым!» атты ризашылық күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс шарада білім алушылар ата-аналарына деген құрметтерін көрсетіп, ыстық лебіздерін жаудырды.

Колледжімізде 1-11 наурызда "Ұлттық құндылықтарды ұлықтау - ұлағатты іс" атты топ жетекшілер апталығы жоспарланды. Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген "Алғыс айту - парызым" атты ашық топ сағатымен басталды.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасымыздың бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Ұйымдастырушылар: топ жетекшісі Саналиева Г.М. және 215, 214 топ студенттері