Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналға және мәдениет пен дәстүрдің алуан түрлілігін сақтауға және құрметтеуге шақырады. Осы мерекеге арналған «Армысың әз Наурыз!» тақырыбында шара өткізілді.

Мерекеге жиналған қауым төрге жайғасып, берекелі дастарханнан дәм татты. Ұлттық ойындар ойнатылып, колледжінің өнерлі жастары әуелете ән шырқады. Той үстінде ұлттық салт-дәстүрімізден түрлі көріністер қойылды. Сонымен қатар студенттер арасында қол күресі, гір тасын көтеру сияқты ұлттық ойындар ойнатылды. Қатысушылар «Ең дәмді Наурыз көже», «Ең әдемі ұлттық киім» номинацияларымен марапатталды. Мерекеде ұлттық салт-дәстүр кеңінен насихатталып, колледж білім алушылары мен қызметкерлер және ата-аналар қатынасып жоғары қызығушылықпен өтті. Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым - тыйымдары туралы түсінік берілді. Мақсатымыз – көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, ұлық мерекені ұлықтау студенттерге төл мерекемізді таныстыру. Наурыз мерекесі баршамызға тек жақсылық әкелсін, ең бастысы, еліміз бен жерімізде тыныштық, ауызбіршілік, береке болсын!