Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінеде жас қызметкерлер арасында әр шаңырақтың ұйтқысы болып отырған «Келіні жақсының-керегесі алтын» атты келіндер сайысы болып өтті. Шараның басты мақсаты қазіргі жас келіндер арасына ежелден ұмыт болған ата -дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ келінінің бойынан табылуы керек игі қасиеттерді қайта жандандыру. Аталмыш сайыс бес кезеңнен тұрды. Атап айтқанда:
-
«Сәлем – сөздің анасы» - таныстыру кезеңі
-
«Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» - ұлттық тағамын әзірлеп әкелу.
-
«Келін пысық болуымен сүйкімді» - келіндердің епшілдігін анықтайтын еттің нанын дайындау кезеңі.
-
«Халқын сүйген – салтын сүйер» - қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақ-жауап кезеңі.
-
«Салт дәстүрлерімізді ұмытпайық» салт дәстүрлерден көрініс.
Берекелі сайысқа колледж басшысы Ізтұрған Молдабекұлы қатысып, қатысушыларға өзінің игі тілегі мен ақ батасын берді.
Бес кезеңді қамтыған сайыс барысында барлығынан өзінің өнерімен оза шапқан Аяжан Сүндетқызы үздік деп танылып, 1 орынды қанжығасына байлады. Кезекті 2 орын Гульнафис Нұрболатқызы иелігіне бұйырды. Жүлделі 3 орын Мөлдір Ізбасарқызының қанжығасына бұйырды. Сонымен қатар, арнайы номинациялар да болды. Атап айтқанда Жайнагуль Исатайқызы «Инабатты келін» атанса, «Өнерлі келін» атағы Ақылжан Тұрланқызына бұйырды. Байқау жеңімпаздары сыйлықтар және диплом, алғыс хаттарымен марапатталды.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/353-kelini-zha-syny-keregesi-altyn-atty-kelinder-sajysy-bolyp-tti.html#sigFreeId1dd492b4c2