«22 наурыз- «Наурызнама» тұжырымдамасы бойынша «Жыл басы» деп аталды. Осы мерекеге арналып Доссор кентінде де ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, көңілді саз әуені ойнап, тұрғындар мен қонақтарына арналған мерекелік той-думан өтті.

Осы мерекеге арналып колледж төрт мектеппен бірігіп, арнайы киіз үй тігіп, келген қонақтарымызға дәм-тұзымызды ұсындық. Мейрамға аудан халқы ұлттық киім киініп, отбасымен келіп қатысты, келген қонақтарға Наурыз көже таратылды. Киіз үйлердің сыртында ақ самаурыны қайнап, ішінде Наурыз көже ұсынылған ақ дастарханы жайнап, халқымыздың дәулетті тіршілігін, қонақжай пейілін кеңінен танытты. Колледжінің білім алушылары сахнада өз өнерлерін көрсетсе, алтыбақан құрылып тербеле ән шырқады.