Наурыз – ежелден тазару мен жаңару мейрамы. "Ескі жыл, есірке, жаңа жыл, жарылқа" деп жақсы тілек тілеп, бір серпіліп, бой жазатын, ішкі тазалық пен сыртқы тазалыққа тағы бір мән беретін күн. Осы үрдістің ғасырдан-ғасырға үзілмей жетіп, одан әрі жаңғырып жатқаны қуантады.
Тазарту күніне орай 20 наурыз күні, колледжіміздің ауласында сенбілік өткізді. Сенбілікке колледжіміздің қызметкерлері мен оқытушылары және білім алушылар ұйымшылдықпен қатысты. Табиғат – біздің анамыз. Оны ластанудан қорғау өз қолымызда. Егер қоршаған ортаға ұқыпты қарап, аулаларымызды таза ұстайтын болсақ, онда әлем де экологиялық тұрғыдан өмір үшін қауіпсіз болады.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/355-nauryz-ezhelden-tazaru-men-zha-aru-mejramy.html#sigFreeId5bf55fd6e1