Колледжде 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр Жеңіс күніне арналған «Желбіре жеңіс жалауы» тақырыбында 1 курс кураторы Гүлжайна Мыңбайқызының ұйымдастыруымен мерекелік шара өткізілді. Колледж басшысы Ізтұрған Молдабекұлы колледж ұжымы мен білім алушыларды қос мерекемен құттықтап, бұл айтулы күндердің мән-маңызына тоқталды.

Мақсаты: 

  • Студенттерді адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен ерлердің тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.

Мерекелік шарамыз «Жеңіс күні» хорымен өте әсерлі аяқталды.

Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Ұлы жеңіс күні мерекесі құтты болсын!