Биылғы оқу жылының соңғы айы «Мамыр – ынтымақ айы» айлығы деп аталып, апта сайын әлеуметтік маңызы бар игі шаралармен қамту ұсынылды.

10 мамыр - «Игі істер» акциясы. Бұл күні әр адам мүмкіндігінше игі істер жасайды. Іс-шараға әлеуметтік педагог Гаухар Тұрланқызы мен педагог-психолог Айгерім Шайхидинқызы жетекшілігімен Доссор кентінде орналасқан Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығына барып, ерекше балалармен жас ерекшелігіне сай жұмыстар жүргізілді, сыйлықтар таратылды.

Игі істер жасап балаларды жиі қуантайық!