Мақат мұнай және газ технологиялық колледж кітапханасында кітапханашы М.Ахатованың ұйымдастыруымен жатақхана студенттерімен «Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Оқы, өкінбейсің!" атты буккроссинг өткізілді.
Мақсаты: Болашақ оқырмандарды қызықтыру және кітаптарға назар аудара отырып, оқуды насихаттау. Осы мақсатта студенттер өздерінің оқыған кітаптары туралы пікірлерін ортаға салды.
Мысалы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма»атты повесі. Студенттер бұл кітаптарды оқып, соғыс жылдарындағы ауыл тіршілігін, адам бойындағы ең асыл қасиеттерін, ұлттық құндылықтар туралы оқыған пікірлерін бір-бірімен бөлісті. Ұлттық салт-дәстүрлер туралы сұрақтарға жауап берді.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/372-o-y-kinbejsi-atty-bukkrossing-tkizildi.html#sigFreeId07f4a40854