Ағымдағы жылдың қыркүйектің 19 жұлдызында колледжімізде қыздар төрайымы А.Омарқызы мен педагог-психолог А.Шайхидинқызының ұйымдастыруымен «Отбасындағы қыз тәрбиесі» атты тақырыпта қыздармен кездесу өткізілді. Мақсаты: отбасындағы қыз тәрбиесінің маңызды рөлін, қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерді дәріптеу.