11.12.2024 ж. күні 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында Өтегенова Сағыныш Максутбайқызының ұйымдастыруымен мерекелік шара өткізілді.
Мақсаты еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Білім алушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік шара барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеудің тарихи алғышарттары туралы презентация дайындалып, желтоқсан оқиғасына арналған фильмдер көрсетілді сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме Қазақстан тарихында халқымыздың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі әлемдегі өз рөлі, тәуелсіздік пен мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізгендегі маңызды кезеңдері туралы ақпараттармен Мереке Құсымқызы таныстырып өтті.
Шараны қорытындылай келе топ кураторы тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болуын тілеп, барша ат салысқан студенттерге өз алғысын білдіріп шараны аяқтады.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/388-t-uelsizdik-t-yrym.html#sigFreeId10dedc9235