Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 24 қаңтар күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің 07130700 "Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөңдеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)" мамандығының 2 курс білім алушылары «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.)» ЖШС экскурсияға барып, завод ішін аралап келді.

Мұндағы мақсат - білім алушыларға заманауи өндіріс туралы жалпы түсінік беру, оларды кәсіпорындардың құрылымымен, олардағы жұмыс жағдайлары мен ерекшеліктерімен таныстыру; бірақ ең бастысы - өндірістік еңбекті көрсету және оның мәні туралы айту, заманауи техника және өндіріс технологиясы туралы айту, жұмысшы мамандығын дәріптеу болып табылады.