Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіреді.

Колледжімізде жатақхана тәрбиешісінің ұйымдастыруымен “Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ” атты топ сағаты өткізілді. Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріп, викториналық ойындар ойнап, класстер жасақталып, екі топқа бөлініп студенттер арасында сайыс өткізілді.