Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Батырларымызға мәңгілік тағзым ету, ардагерлерге қамқорлық көрсету, халықтың ынтымағы мен тұтастығын сақтау – біздің қастерлі борышымыз. Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселіненөткен ата апаларымыз аман болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, игілік пен бақ-береке тілеймін!

9-мамыр “Ұлы жеңіс күніне 80 жыл” мерекесіне орай колледжімізде “Ерлікке тағзым” атты мерекелік шара өткізілді. Шараға Ауған соғыс ардагерлері қонақ ретінде шақырылды. Колледж басшысы мерекелік шараны құттықтау сөзімен ашып, студенттер өнерлерін көрсетіп, Ауған соғыс ардагерлерін құттықтады.