"Жұмысшы мамандықтар жылы" бұл бастама еңбекқорлық пен кәсіби маман қалыптастыру идеясын дәріптейді. Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде студенттер арасында "World Skills-2025" атты чемпионаты өтті.
Екі күнге созылған дәстүрлі шараның тәжірибелік кезеңі колледждің өндірістік оқужаттығу кешенінде жалғасып, студенттер "Дәнекерлеу технологиясы", "Электрмонтаждық жұмыстар", "Мехатроника", "Аспаз ісі", "Сән технологиясы" құзыреттіліктері бойынша бақ сынады. Аталмыш шара студенттерге кәсіптік бағдар беру және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, жұмысшы мамандықтарды насихаттау және өз мамандығының үздігін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
https://mtkig.edugov.kz/kz/wordskills/395-world-skills-2025.html#sigFreeIde9d2513d0e