Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Инновациялық жаңашылдыққа көшу: болашақ маманның белсенділігін, ізденімпаздығын, ортаға бейімділігін арттыру» атты колледжішілік онкүндіктің барысында тарих пәні оқытушысы Карлыгаш Каримжановнаның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағы» атты оқушылар мен студенттерге, жас ғалымдарға арналған атты аудандық ғылыми - зерттеу байқауы болып өтті.
Байқауға:
- С.Шарипов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Ойлбай Нұрберген Дағыстанұлы «Мұнайлы өлкенің қарашаңырағы» (жетекшісі: Станова Тамара Саламатовна)
- О.Сарғұнанов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Шакова Диана Тұрлановна «Старинные меры длины, веса и объема» (жетекшісі: Набиева Оңай Набиевна)
- Х.Санбаев атындағы орта мектеп 10 сынып оқушысы Боранбаева Ақбаян, Абенова Перизат «Мақат ауданының экологиялық жағдайы» (жетекшісі: Губашева Фариза Марксқызы)
- М.Баймұханов атындағы орта мектеп 10 сынып оқушысы Қонысқызы Сәндігүл «Тұғырлы тағдырмен, кемел келешекке...» (жетекшісі: Жұмабекова Сайран Ахметовна)
- Бәйгетөбе мектеп - бөбекжай кешенінен Оңайбаев Нариман Сұлтанбекұлы «Ұлтын сүйген, ұлы жүрек асыл жан» (жетекшісі: Орынбаев Ғалымжан Бағытжанұлы)
- Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Аманкелдиева Бақыт «Доссор - қазақ мұнайының қарашаңырағы» (жетекшісі: Уткелбаева Салтанат Елемесқызы)
- Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Ертілеуова Әйгерім «Өнегелі өмір» (Шихиева Жансұлу Қарымсаққызы)
- Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі Темірғалиева Рита Бөрібайқызы «Байбақты ата - ел қорғаған батыр» (жетекшісі: Байтубетова Қарлығаш Каримжанқызы) қатысты.
Байқауға:
- Аудандық білім беру бөлімінен - Жұмағалиева Бәтима Қалыбайқызы
- Жастар ресурстық орталығынан - Жарылғасынова Әйгерім Нұрланқызы
- Мақат тарихи - өлкетану мұражайынан - Мырзағалиева Гүлжан Әлібекқызы – қазылық етті.
Баяндамашылар ауданымыздың тарихы, ауданға танымал тұлғалар өмірінен тың деректер келтіріп, презентацияларын көрсете отырып, баяндамаларын қорғады.
Баяндамашылар І, ІІ, ІІІ орындармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Ал баяндамашыларды дайындаған жетекшілеріне сертификаттар табысталды.
Байқаудың жас ғалымдардың, зерттеушілердің ізденімпаздығын арттыруда, туған жерге деген мақтаныш сезімдерін дамыта түсуде маңызы зор болды.
https://mtkig.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/132-rukhani-zha-yru-tu-an-zher-t-tasty-y-men-el-bolasha-y-audandy-baj-au.html#sigFreeId84893cc0b9