Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 25 қазан күні "Нұр Отан" партиясының Мақат аудандық филиалы бастамасымен "Менің туым, менің Отаным" тақырыбында патриоттық акция өткізілді.
Акцияның мақсаты: Мемлекеттік Туды насихаттау және қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Іс - шараға қатысқан Мақат аудан әкімі Кейкен Шәкір Кейкенұлы студенттерді туған жерді, Отанды сүюге, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырды. Маңызды шарада, көк туды көкке көтеру құрметі Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің басшысы Ізтұрған Молдабекұлы мен Мақат аудан әкімі Шәкір Кейкенұлына жолданды.
Шараға жиналғандар алдында Отанға деген ыстық сезімді оятатын патриоттық әндер орындалды
https://mtkig.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/136-meni-tuym-meni-otanym-aktsiyasy-z-zhal-asyn-tabuda.html#sigFreeIdd414fa0f14