Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде "Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік індет" тақырыбында "Адалдық сағаты" өтті. Сабақты өткізген оқытушы Мереке Құсымқызы студенттер назарын әуелі бейнероликке аударып алып, кейіннен студенттер пікіріне назар аударды.

Студенттер сыбайлас жемқорлық түрлерін саралап, оған жол бермеу туралы пікірлерін қосты. Шара барысында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында дайындалған кітап көрмесі таныстырылып, студенттердің салған суреттері ілінді. Студенттер өнегелі өлең - жырлар оқып, замандастарын адал тұлға болуға шақырып, елдің адал ұрпағы боламыз деп серт берді. Соңында студенттер арасында "Сыбайлас жемқорлық туралы не білеміз?" тақырыбында сауалнама өткізіліп, қорытындыланды.

 

  

.