8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай, І курс  203 топ студенттері мен топ кураторы Гүлжайна Мыңбайқызының ұйымдастыруымен «Сыйынар ем «АНА» деген тәңірге» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға студенттердің аналары қонақ ретінде қатынасты. Кеш барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп, аналарымен ойындар ойнатылды. Шара соңында шақырылған аналар балаларының өнеріне риза болып алғыстарын білдірді.