2021 жылдың 15 ақпанында Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында Өзін - өзі тану пәнінің оқытушысы Майра Әлкеқызы І курс студенттерімен «Бәрі де махаббаттан басталады» атты топ сағатын өткізді.

Шараның мақсаты: студенттердің адам өміріндегі махаббаттың рөлі туралы түсініктерін тереңдету және құндылық ретінде мәнін ашу, өз отанын, туған жерін, табиғатын, ұстазын, ата - анасын сүюге тәрбиелеу.

Шара барысында студенттер 2 командаға бөлініп, сайысқа түсті:

  1. сұрақ жауап,
  2. мақал - мәтелдер айту,
  3. постер қорғау,
  4. эссе жазу.

Адам дүниеге келген мезеттен ата - ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос жаран, жора жолдастарының сүйіспеншілігін біледі. Шара соңында студенттер бір-біріне, ұстаздарына ыстық лебіздерін білдірді.