«Педагогикалық әдеп немесе қарым - қатынаста қандаймын» семинары

2021 жылдың 21 қаңтарында Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде инжернер - педагогтар арасында «Педагогикалық әдеп немесе қарым - қатынаста қандаймын» атты семинар өткізілді. Семинар барысында колледж әдіскері Майра Әлкеқызы педагогикалық әдеп және ережелері туралы мағлұмат берді. Колледж психологы Гаухар Турлановна «Педагогтің кәсіби іс - әрекетіндегі педагогикалық әдеп» туралы тренинг өткізілді. Семинар соңында, педагог бала үшін жақсы да үлгілі өнеге беруі тиіс, ал біз педагог болғандықтан, біздің білім, тәрбие беріп отырған студенттеріміз саналы, тәрбиелі болуы тиіс, деп қорытынды жасалды.