Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде «Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – жалпыға және жеке тұлғаға ізгілік, адамгершілік, махаббат жайында түсінік беру.

«Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне аясында 2021 жылдың 12 ақпанында кітапхананың оқу залында адамгершілік – рухани бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның мерейлі 80 жасқа толуына арналған шара өтті. Бұл шарада білім алушылар Сара Алпысқызының өмірі, қоғамдық қызметі, еңбектерімен танысты. Білім алушылар Сара Алпысқызына арнап жүрек жарды шығармаларын оқыды және ізгі тілектерін арнады.