Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «OТАNlife» жобасының іс-шаралар жоспарына сай «Дәуірлер толғауы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: студенттерді кітапханамызға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілікті қалыптастыру, оқырмандарды ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелей отырып ақпараттық қоғамдағы кітаптың ролін көтеру. Көрмеге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім тірегім», «Таңдамалы сөздер» томдары сонымен қатар, Қазақстанның саяси қайраткерлерінің, ғалымдарының кітаптары мен еңбектері қойылды. Сонымен бірге Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасалып, сындарлы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен табыстары, қоғамдағы саяси экономикалық әлеуметтік және рухани өзгерістер белесін студенттерге таныту мақсатында дайындалған бейнебаян көрсетілді.