Мұнай және газ кенорындарын пайдалану

Білім бейіні:  0724   Тау-кен ісі және пайдалық  қазбаларды өндіру
Мамандығы: 07240900  Мұнай және газ кен орындарын пайдалану Біліктілігі:  3W0720901 - Оператор 

4S07240902 - Техник – технолог 
Оқыту мерзімі:   Негізгі ора білім базасында  2 жыл 10 ай

Мамандыққа жалпы сипаттама
Мұнай және газ өндіру  операторы мұнай мен газ өндіру әдістері кезіндегі технологиялық процестерді жүргізеді, қызмет көрсетеді, жабдықтар мен механизмдерді бөлшектеп, жинақтайды. Скважина жұмыстарының белгіленген режімін сақтап, газ дайындаудағы кешенді қондырғылардың, топтық өлшеу қондырғыларының, газды жерасты сақтау станциялары  және басқа нысандардың жұмыстарын жүргізеді. Мұнайкәсіпшілігі жабдықтары мен арматуралардың механизмдерін жинайды және әзірлейді, жөндейді. Жерасты және жер үсті скважиналарының жоғары қысымын бумен өңдейді. Бақылау және автоматика құралдарының көрсеткіштерін анықтайды.

Бітірушілердің кәсіптік қызмет сферасы:  
«Мұнай және газ өндіру операторы» біліктілігі бойынша мұнай және газ өндірудің   мұнай кен  алаңы орындарында қызмет істей алады

Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері:

  1. Дузелбаева Мирагул Дусуповна – арнайы пән оқытушысы; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университет;
  2. Жанел Динара Қалдыбекқызы – өндірістік оқыту шебері, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті.