Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

Білім бейіні:  0723 Тоқыма (киім, аяқ  киім және былғары бұйымдар

Мамандығы07230100 - Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
Біліктілігі3W07230102 - Арнайы тігінші

Оқыту мерзімі:         Негізгі орта білім базасында      2 жыл 10 ай
                                    Жалпы орта білім базасында         10 ай

Мамандыққа жалпы сипаттама
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша білім алушылар меңгереді:
киім бөлшектерін қосудың әдістерін; жеке адамнан өлшем алу, оның өлшемін, бойын анықтау; материалдардың түрлері мен қасиеттерін қосудың әдістерін; ылғалды-жылулық өңдеудің өңдеу режимдерін білу; пресспен, үтікпен жұмыс жасай білу; тігін машиналарының құрлысын, жөнделуін; киім тігу технологиясын біліп және оларды тігу.
Бітірушілердің кәсіптік қызмет сферасы
Бітуші білім алушылар жұмыс істейді:

  • Тігін ательесі
  • Сән үйлері
  • Тігінші цехтары мен фабрикаларда
  • Театрлар мен мәдениет үйлерінде
  • Өзінің шағын кәсібін ашуға құзырлы

Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері:

  • Барысова Малика Ибрагимовна – арнаулы пән оқытушысы; Атырау мұнай және газ институты; Аймақтық әлеуметтік – инновациялық университет.