Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)

Білім бейіні: 0713 Электротехника және энергетика
Мамандығы: 07130700 - Электромеханикалық жабдықтарға техникалық

                          қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және

                           салалары бойынша)

Біліктілігі: 3W07130701 - Электр жабдықтарын монтаждаушы

Оқыту мерзімі: Негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай

Мамандыққа жалпы сипаттама

Бүгінде ғылыми – техникалық жаңалықтарға байланысты электр қондырғылары мен жабдықтарының саны ғана емес, сапасы жоғарлады. Өндірістік мекемелердің электр электр жабдықтары уақыт өткен сайын күрделеніп келеді. Электр жабдықтарын эксплуатациялауды, жөндеуді, монтаждауды дұрыс ұйымдастыру қазіргі заманда өндірісті электрлендірудің басты талаптарының бірі болып есептелінеді. Біздің басты мақсатымыз болашақ мамандарды электр жабдықтарын эксплуатациялау, жөндеу және монтаждау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды және өздігінше инжерелік – техникалық жұмыстарды жүргізуді үйрету.

Бітірушілердің кәсіптік қызмет сферасы:

  • Жарықтандыру электромонтер – монтаждаушысы
  • Әуе желілері электромонтеры – монтаждаушысы
  • Кабельді желілері электромонтеры – монтаждаушысы
  • Жоғары кернеу /380вольт/ электромонтеры – монтаждаушысы

Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері:

  1. Жакиева Шапағат Жолдасқалиқызы – өндірістік оқыту шебері, Алматы қаласы, Энергетика және байланыс университеті.