Мақат мұнай және газ технологиялық колледж кітапханасында 10 сәуір күні «Күй атасы - Құрманғазы» атты әдеби - сазды кеш болып өтті.
Шараның мақсаты: Білім алушыларға Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағұлмат беру. Құрманғазы күйлерін тыңдата отырып, жастарды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шараға ұстаздар, топ жетекшілер және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, Құрманғазының өмірбаянымен, қиын балалық және жастық шағымен, күйшінің композитор ретінде қалыптасу жолдарымен танысты. Құрманғазының қудалауда болуы, қамауға алынуы, көп уақыт бойы туған жерінен алыста болуы оқырмандардың назарын өздеріне аудартты.
Іс - шара барысында білім алушылар Құрманғазының күйлеріне ерекше тоқталып өтті. Шарада Қазақстанның шексіз даласы «Сары - арқа» туралы, «Кішкентай», Аман бол шешем,аман бол, «Адай» күйі тыңдалды.
«Күй құдіреті - Құрманғазы» атты кітап көрмесі жасақталып,оған Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы» атты поэмасы, Құрманғазының өмірі туралы сөздіктер, А.Жұбановтың «Құрманғазы күйлері қалай шыққан?», «Құрманғазы Сағырбаев: өмірі мен шығармашылығы» кітаптары және күйші - композитордың шығармалары жазылған көптеген кітаптар мен ноталар қойылды.
Шара соңында топ жетекші Гүлдана Елтайқызы және білім алушылар кештен алған әсерін ортаға салды.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/242-0-s-uir-k-ni-k-j-atasy-rman-azy-atty-debi-sazdy-kesh-bolyp-tti.html#sigFreeId600a0365c8