Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде І курс 209 топ студенттерімен кітапханашы М.Ахатова «Оқуға құштар колледж» жобасы бойынша студенттерге ата - бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал - мәтелдер менжұмбақтарды дәріптеу мақсатында «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты викториналық ойын өткізді.
Мақсаты: Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатырған халық екенін түсіндіре отырып, білім алушылардың тіл байлығын,сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау,интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру, танымдық деңгейлерін арттыру.
Ойын 4 кезеңге бөлінді.
І.«Жүйрік болсаң,шауып көр» (аталған сөздерге мақал айту)
ІІ. «Тапқыр болсаң,тауып көр»(Әр сайыскер берілген мақал - мәтелдіңжалғасын табады)
ІІІ. «Жеті жұрттың тілін біл»Ойынға қатысушылар жұмбақ жасырады, жұмбақ екінші рет қайталабауы тиіс).
IY «Ойлы болсаң,озып көр»(Көрерменге сұрақ)
Викториналық ойынға қатысқан білім алушылар берілген мақал,жұмбақтарға жылдам әрі ұтымды жауап бере біліп, мақалды - мәтелдерді қызығушылықпен жалғастырды.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/246-1001-ma-al-101-zh-mba-atty-viktorinaly-ojyn-tkizdi.html#sigFreeId0a35f2a84c