Кәсіби бағдар беру жұмыстары
Мақат аудандық мектептердің 9 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізу мақсатында колледжде «Ашық есік» күні өткізілді.
Осы шараға Мақат ауданының Х.Санбаев, Л.Шахатов, М.Баймұханов орта мектептің оқушылары қатынасты.
Мектеп оқушыларына колледжде оқытылатын оқу бағдарламалары, мамандықтардың бағыттары мен ерекшеліктері, құжат тапсырудың реттілігі түсіндіріліп, мамандық таңдау бойынша бағыт - бағдар берілді. Шараға қатынасқан мектептердің оқушылары ерекше қызығушылық танытып, көптеген оқушылары мамандықтарына таңдау жасап қойғандарын жеткізді. Колледждің материалдық техникалық базасы, жатақханасы, оқу орнының артықшылықтары туралы ақпараттар берілді.
Оқу процесі, жатақханаға орналасу, дуалдық оқыту жүйесі, құжат тапсыру, студенттік өмір, мамандық түрлері сияқты оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды.
Кәсіптік бағдар беру мамандары туындаған сұрақтарға жан-жақты жауаптарын берді.