«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны серек.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130 - дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату - тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
1 мамыр мерекесі колледжімізде аталып өтілді. Мерекелік шараны топ жетекшісі Жұмағалиева Алтын Айтмұханқызы ұйымдастырды. Шараға қазақ, өзбек, кавказ, тәжік ұлттары атсалысты. Білім алуышлардың дайындықтары мен өнерлері бағаланып, номинациялармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 26 - шы сәуір күні өткізілген "Tolqyn music - 2023" атты аудандық ән байқауына Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінен Себекова Жайнагүл қатынасып, жүлделі II орын иеленді. Құттықтаймыз!