Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Көрменің мақсаты: Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу; жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршын қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарды еске алу; жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі - өнеге, тарихи тағылым беру; елжандылыққа, отан - сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баулу.
Көрме екі бөлімнен жасақталды. Бірінші бөлімі «Батырға тағзым»,екінші бөлімі «Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмайды».
Кітапханашы М.Ахатова әр бөлімге қойылған кітаптарға шолу жүргізіп, түсіндіріп таныстырды. Студенттер көрмеге қойылған көптеген кітаптарды жаздырып алып, оқуға қызығушылықтарын білдірді.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/250-ly-zhe-iske-my-ta-zym-atty-kitap-k-rmesine-sholu-zhasaldy.html#sigFreeIdde050e8cbf